Хабур мен Гүрбулак кеден қақпалары ашылды

Рухсар Пекджан жаңа коронавирус салдарынан жабылған Хабур мен Гүрбулак секілді шекара кеден қақпаларының қайтадан ашылғанын мәлімдеді.

1429270
Хабур мен Гүрбулак кеден қақпалары ашылды

Түркия Республикасы Сауда министрі Рухсар Пекджан жаңа коронавирус салдарынан жабылған Хабур мен Гүрбулак секілді шекара кеден қақпаларының қайтадан ашылғанын мәлімдеді. 

Министр Пекджан твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде кеден қақпаларының ашылғанын хабарлады. 

Пекджан әлемде жұқпалы індетінің таралу қарқынының баяулауы, Ирак және Иранда пандемия ықпалының азаюы себепті бұдан бұрын осы елдерге қарсы жасалған шаралардың күшінен қалдырылғанын баяндады. 

Пекджан Түркияның маңызды сауда ортақтары болған Ирак және Иранға ашылған кеден қақпаларының қайтадан ашылуымен бірге сауданың қайтадан жанданатынын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар