Араб географиясы коронавирустан ауыр зардап көреді

БҰҰ "Араб географиясы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің күйретуші әсерінің орталығында тұр" деп көрсетті.

1404147
Араб географиясы коронавирустан ауыр зардап көреді

БҰҰ Батыс Азия Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCWA) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен Араб географиясының ең көп әсерге ұшырайтынын жариялады.

Орталығы Ливанның астанасы Бейрут қаласында тұратын Батыс Азия Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ESCWA)  жасаған жазбаша мәлімдемесінде "Араб географиясы жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің күйретуші әсерінің орталығында тұр" деп көрсетілді. 

Араб географиясындағы тікелей шетелдік инвестициялардың 45 пайыз төмендейтіні болжанған мәлімдемеде мұның аймаққа бағытталған шетелдік инвестициялардағы ең көп төмендеу ретінде тіркелетіні білдірілді.

Мәлімдемеде коронавирус індеті және шикі мұнай бағасының төмендеуі себепті Араб аймағындағы салық пайдасы 20 миллиард долларлық шығынды күткені хабарланды.

Мәлімдемеде сауда саласындағы жақсы болжамдарға қарағанда Араб аймағындағы экспорттың 88 миллиард доллар төмендеуі мөлшерленгені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар