АҚШ Қытайға миллиондаған маска сатқан

АҚШ-тың Қытайға қаңтар мен ақпан айларында миллиондаған маска мен қорғаушы медициналық материалдар сатқаны пайымдалды.

1401233
АҚШ Қытайға миллиондаған маска сатқан

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресте қажетті медициналық материалдар жетіспей жатқан АҚШ-тың Қытайға қаңтар мен ақпан айларында миллиондаған маска мен қорғаушы медициналық материалдар сатқаны пайымдалды.

Вашингтон Пост газеті АҚШ өндірісшілерінің миллиондаған долларлық маска мен қорғаушы медициналық материалдарды қаңтар мен ақпан айларында Қытайға экспорт еткенін жазды.

Хабарда Сауда министрлігінің АҚШ компанияларының медициналық жабдықтарды Қытайға қалай сату жөнінде кеңес бергені білдірілді.

АҚШ-тың Пекиндегі өкілетті елшілігіндегі бір сауда атташесінің Америкада жасалған медициналық материалдардың Қытайға экспортына байланысты министрліктің "жаңа қызметі" жөнінде 3 наурызда жолдаған электроникалық хатына да орын берілді.

АҚШ Ауруларды Бақылау және алдын алу орталығының (CDC) мәліметіне қарағанда 2 сәуірден бері 9 мыңнан астам денсаулық сақтау қызметкері коронавирустың әсеріне ұшыраған және 27 денсаулық сақтау қызметкері вирус себепті қайтыс болған.

АҚШ-та жасалған бір сауалнамада қала әкімдерінің 90 пайызы қалаларында жеткілікті сынама жабдықтары, маска және қорғаушы материалдар болмағанын айтқан.



Ұқсас жаңалықтар