Түркияның қызанақ экспорты артты

Түркия Ресейге осы жылдың алғашқы үш айында 41 миллион 665 мың долларлық экспорт жасады.

1396406
Түркияның қызанақ экспорты артты

Түркияның қаңтар-наурыз маусымында жасалған қызанақ экспорты өткен жылдың бірдей мезгілімен салыстырғанда 10 пайыз артып 126 миллион 257 мың долларға ұласты. 

Оңтүстык-шығыс Анадолы экспортшылар одағының санақтарына қарағанда Түркия өткен жылы 56 елге жасаған қызанақ экспортынан  304 миллион  513 мың долларлық кіріс түсірді. 

Өткен жылы  қаңтар-наурыз маусымында 114 миллион 645 мың долларлық қызанақ экспортын жасаған Түркия осы жылдың бірдей мезгілінде 45 елге қызанақ жіберіп, экспорт көлемін 10 пайыз арттырды және  126 миллион 257 мың доллар кіріс түсірді. 

Түркия қызанақ экспортын ең көп Ресейге жасады. Сондай-ақ Ресейге осы жылдың алғашқы үш айында 41 миллион 665 мың долларлық экспорт жасады.  



Ұқсас жаңалықтар