Туристік лайнерлердің жаңа бағыты - Қаратеңіз

Стамбулдан жолға шығатын алпауыт лайнерлер Синоп портына соғып,  Трабзон және Батуми портына тоқтайды.

1370242
Туристік лайнерлердің жаңа бағыты - Қаратеңіз

Коронавирус салдарынан Қиыр Шығыс саяхаттарын болдырмай тастаған круиз фирмаларының жаңа бағыты – Қаратеңіз.

Спутниктің хабарына қарағанда,  Стамбулдан жолға шығатын алпауыт лайнерлер алдымен Синоп портына соғып,  артынан Трабзон және Грузияда Батуми портына тоқтайды.

Түркияның Синоп қаласы Қалалық мәдениет және туризм басқармасы басшысы Хикмет Тосун қазірден-ақ алты лайнердің Қаратеңіз маршруты үшін келісіп қойғанын білдірді.  «Әсіресе коронавирустан кейін Қытай және Азияға сапарлар тоқтатылды.  Сондықтан Қаратеңіз саяхаттарына ықылас артты.  Биыл үшін алты лайнер келісім беріп қойды. 2021 жыл үшін Қаратеңізге 50 кеме келеді деп ойлаймыз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар