Еуропа Одағы мен Вьетнам сауда келісімі мақұлданды

Еуропа Парламенті Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында қол қойылған сауда келісімін мақұлдады.

1358454
Еуропа Одағы мен Вьетнам сауда келісімі мақұлданды

Еуропа Парламенті Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында қол қойылған сауда келісімін мақұлдады.

Францияның Стразбург қаласында басқосқан Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесі Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында маусым айында қол қойылған сауда келісімін мақұлдады.

Сауда келісімі Жалпы Кеңесте 192 дауысқа қарсы 401 мақұл дауысымен қабылданды, келісім Еуропа Кеңесінің мақұлдауынан кейін атқарылады. 

Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында сауда мен инвестиция келісімдері келіссөздері 2012 жылы басталған және 2015 жылы аяқталған болатын.

Аталмыш еркін сауда келісімі арқылы кеден салықтарының 99 пайызы өнім түрлеріне қарай 10 жылға дейін жойылады. 

Сауда келісімі Вьетнамда адам құқықтарына қайшылық жасалған жағдайда тоқтатылады.

Еуроодақ пен 95 миллион жан саны бар Вьетнам арасында жылына 50 миллиард еуролық зат пен 4 миллиард еуролық қызмет өтеу саудасын қамтыйды. 



Ұқсас жаңалықтар