Тәжікстанның сыртқы саудасы артты

Елдің ең ірі сауда серіктері – Ресей, Қазақстан мен Қытай.

1355165
Тәжікстанның сыртқы саудасы артты

Тәжікстанның сыртқы сауда көлемі 2019 жылы 4 миллиард 523,7 миллион долларды құрады.

Тәжікстан Статистика мекемесінің хабарына қарағанда,  2019 жылы елдің сыртқы сауда көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7,1 пайыз артып, 4 миллиард 523,7 миллион долларға жетті.

Тәжікстан 2019 жылы 105 елмен сауда жасасып, жылдық экспорты 9,4 пайыз артты. 2019 жылы экспорт 174,4 миллион доллар болды.  Импорт болса 6,3 пайыз артып, 3 миллиард 349,5 миллион доллар болды.

Осы кезеңде аллюминий және мақта талшығын экспорт еткен Тәжікстан шетелден машина,  құралдар,  көлік және азық-түлік өнімдерін сатып алды.

Елдің ең ірі сауда серіктері – Ресей, Қазақстан мен Қытай.



Ұқсас жаңалықтар