Аяқкиім экспорты артты

Түркияның аяқкиім экспорты 11,2 пайыз артты.

1352329
Аяқкиім экспорты артты

Түркияның аяқкиім экспорты 11,2 пайыз артты.

2018 жылы 249 миллион жұп аяқкиім экспорты жасаған Түркия 2019 жылы 277 миллион жұп аяқкиім экспорттады.

Экспортшылардың табысы болса 4,6 пайыз артып, 891 миллион доллардан 932 миллион долларға жетті.

Аяқкиімде ең көп экспорт Ресейге жүргізілді. Осы елге Түркия 106 миллион долларлық аяқкиім сатты.

Ресейден кейін 70 миллион доллармен Ирак, 59 миллион доллармен Германия келеді.

Сауд Арабиясы мен Испания 47 миллион долларлық экспортпен төртінші және бесінші орында.

2019 жылы Қытайға экспорт өте артты. Осы елге аяқкиім экспорты 168 пайыз артты.



Ұқсас жаңалықтар