Германия Идлиб халқына 25 миллион еуро береді

Германия Идлиб аймағынан қашқан сириялықтарға шұғыл баспаналар салынуы үшін Түрік Қызылайына 25 миллион еуро қолдау береді.

1351157
Германия Идлиб халқына 25 миллион еуро береді

Германия Идлиб аймағынан қашқан сириялықтарға шұғыл баспаналар салынуы үшін Түрік Қызылайына 25 миллион еуро қолдау береді.

Үкімет мәлімдемешісі Стефан Сеиберт Сирия режимі мен қолдаушыларының Идлиб аймағына аяусыз шабуылдар жасағанына байланысты хабарларды бақылап отырғандарын білдіріп, бұл әрекеттің жеркенішті екенін айтты.

Сириядағы жағдайдың трагедия екенін, 3 миллион адам гуманитарлық жәрдемге мұқтаж болып отырғанын, Идлибте бір миллион адамның мекенінен кеткенін білдірген Сеиберт Стамбұлда өткен апта президент Ердоғанмен кездескен премьер-министр Ангела Меркельдің Идлибтегі бейуаздарды қолдауға уәде бергенін және осыған негізделіп Сыртқы істер министрлігінің жәрдем жасайтынын атап өтті.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі:

"Германия Сыртқы істер министрлігі Идлиб аймағынан қашқан сириялықтарға шұғыл баспаналар салынуы үшін Түрік Кызылайына 25 миллион еуро қолдау береді" деді.



Ұқсас жаңалықтар