Ресейге қызанақ экспорты артты

Түркиядан Ресейге жасалған қызанақ экспорты 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 186 пайыз артты және 86 миллион 53 мың доллар пайда түсті.

1348252
Ресейге қызанақ экспорты артты

Түркиядан Ресейге жасалған қызанақ экспорты 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 186 пайыз артты және 86 миллион 53 мың доллар пайда түсті.

Оңтүстік шығыс Анадолы Экспортшылар одағының санды мәліметтеріне негізделгенде 2018 жылы түрліше елдерге жалпы 291 миллион 855 мың долларлық қызанақ экспорт етілген.

2019 жылы оның алдындағы жылғы мөлшерден асып 56 елге жасалған экспорттан 304 миллион 513 мың долларлық пайда түскен.

Қызанақ ең көп экспорт етілген ел Ресей болды.

Түркиядан Ресейге 2018 жылы 30 миллион 625 мың долларлық қызанақ экспорт етілді. 

Ресейге 2019 жылғы қызанақ экспорты 2018 жылмен салыстырғанда 186 пайыз артты және 86 миллион 53 мың долларға көтерілді.

Ресейден кейінгі екінші орынды 36 миллион 409 мың долларлық экспортпен Румыния, үшінші орынды 30 миллион 18 мың долларлық экспортпен Украина иеледі.



Ұқсас жаңалықтар