Теміржол көлігі экспорты 147 пайыз артты

Түркияның 2019 жылы теміржол көлігі экспорты алдынғы жылмен салыстырғанда 147 пайыз артты.

1347737
Теміржол көлігі экспорты 147 пайыз артты

Улудағ Автокөлік өнеркәсібі экспортшылар одағына қарағанда 2018 жылы 27 миллион 634 мың долларлық автокөлік саласының төменгі топтары ретінде теміржол көлігі экспорты 2019 жылы 68 миллион 457 мың доллар болып жүзеге асты.

Өткен жылы 18 ел мен 1 еркін аймаққа экспорт жасаған сала 2018 жылы өнім жібермеген 12 елге сауда жасады.

Теміржол көлігі саласы Австрия, Испания, Сингапур, Румыния, Өзбекстан, Грузия, Украина, Косова, Ливия, Йемен, Йемен, Әзірбайжан және Қырғызстанға өткен жылы 3,3 миллион долларлық экспорт жүзtге асырды.

Сала өкілдері 2018 жылы Солтүстік Македонияға үлгіге жіберілген өнімнен 2019 жылы 1 миллион 147 мың долларлық экспорт жасады.

Теміржол көлігі саласында ең көп экспорт жасалған елдер тізімінде алғашқы орынды Тайланд алды.

Бұл елге жасалған экспорт 2018 жылы 110 пайыз артып, 15 миллион доллардан 31 миллион 695 мың долларға өсті.

Германияға жасалған экспорт болса шамамен 5 есе артты. Аталмыш елдің экспорты 110 мың доллардан 515 мың долларға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар