Памуккалеге рекорд деңгейде турист келді

Памуккале 2019 жылы 2 миллион 580 мың 245 адамды күтіп,  рекорд жаңартты.

1335563
Памуккалеге рекорд деңгейде турист келді

Түркияның ең маңызды туризм орталықтарының бірі Памуккале 2019 жылы 2 миллион 580 мың 245 адамды күтіп,  рекорд жаңартты.

Травиртендері және шипалы суымен бірге «Клеопатра бассейні», «Тозақ қақпасы», Әзірет Исаның 12 көмекшісінің бірі Әзіз Филипптің мазары секілді көптеген тарихи жәдігерге мекен болған Денизлидегі Памуккалеге келуші саны жыл сайын артуда.

Памуккалеге 2000 жылы 839 мың 264 адам келген.  Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 2 миллион 580 мың 245-ке жетті.

Памуккаледегі туризм секторы өкілдері 2020 жылы турист санын 3 миллионнан асыруды мақсат етіп отыр. Олар 2020 жылдың Денизли үшін маңызын атап көрсетіп,  биылды «Денизли жылы» ретінде қабылдайтындарын айтты.

2019 жылы Ресей, Германия, Ұлыбритания және Қиыр Шығыс елдерінен келген турист саны едәуір артты.



Ұқсас жаңалықтар