Анталияға бес жарым миллион турист келді

Анталия өткен жылы Ресейден келген 5 миллион 582 мың 763 туристпен рекорд жаратты.

1335511
Анталияға бес жарым миллион турист келді

Анталия өткен жылы Ресейден келген 5 миллион 582 мың 763 туристпен рекорд жаратты.

Әлемде ең көп турист тамашалайтын қалалар арасына кірген Анталияға 2019 жылы келген үш туристің біреуі орыс болды.

Анталия Уәлаяты Мәдениет және туризм басқармасының санағына қарағанда өткен жылы қалаға келген турист саны оның алдындағы жылдан 17.14 пайыз артқан.

Анталияға 2019 жылы саяхат жасаған 15 миллион 644 мың 108 туристің  5 миллион 582 мың 763-і Ресейден келген.

2016 жылы 492 мың 349, 2017 жылы 3 миллион 796 мың 374, 2018 жылы 4 миллион 803 мың 860 орыс қонақ келген Анатлияға өткен жылы 16.21 пайыз артумен Ресей базарында барлық уақыттардағы рекорд жаратылды.

Соңғы үш жылдан бері ең көп турист келген елдер арасындағы алғашқы орынды иелеп отырған Ресейдің 2020 жылы да біріншілікті жалғастыруы күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар