57 елге цитрус өнімдері экспортталды

57 елге жасалған экспортта Ресей бірінші орында келеді.

1294032
57 елге цитрус өнімдері экспортталды

Түркиядан 2019-2020 маусымының 1 қыркүйек-15 қазан күндерінде 57 елге цитрус тұқымдас өнімдері экспортталды.

Түркиядан осы күндері 132 мың 941 тонна цитрус тұқымдас экспортынан 64 миллион 376 мың 581 доллар табыс түсті.

57 елге жасалған экспортта Ресей бірінші орында келеді.

Ресейге маусымның 1 қыркүйек-15 қазан күндері арасында 39 мың 943 тонна цитрус өнімдері сатылып,  20 миллион 768 мың 260 доллар табыс түсті.  Осы елден кейін кезегімен Ирак пен Украина келеді.

Ресейге ең көп мандарина сатылды. Лимон, грейпфурт пен апельсин де сатылды.


Этикеттер: #Ресей , #экспорт , #цитрус

Ұқсас жаңалықтар