Қытайдың ұйғыр аймағында табиғи газ резервтері табылды
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағында 115,3 миллиард текшеметр табиғи газ резервтері табылды.
Қытайдың ұйғыр аймағында табиғи газ резервтері табылды.
Қытайда ұйғырлар көп қоныстанған Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық аймағында 115,3 миллиард текшеметр табиғи газ резервтері табылды.
Синхуа агенттігінің хабарына қарағанда Қытайдың «PetroChina» фирмасы тарапынан Шынжаңның оңтүстігінде орын алған егіншілік қойнауындағы іздеу жұмыстарында 115,3 миллиард текшеметр резервке ие болғаны анықталған газ табылды.
«PetroChina» фирмасының бас директоры Тиен Жүн газ іздеу алаңында жасалған құдық анықтау тесттерінің табысты болғанын білдіріп, аймақта жүйелі табиғи газ өндірісіне келесі ай бастауды жоспарлағандарын жариялады.
Әлемнің ең ірі энергия тұтынушысы болған Қытайдың солтүстік-батысындағы ұйғыр аймағы мұнаймен қатар алтын, күміс, уран және көмір сынды көптеген жер асты ресурстарға ие.
Ұқсас жаңалықтар
Түркияның бал экспорты артты
Шығыс Қаратеңіз аймағының балы қаңтар мен сәуір аралығында 9 елге сатылды.
Түркияның орман жаңғағы экспорты 478,8 миллион доллардан асты
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.