Еуропалық түріктер Түркияда демалды

Еуропалық түріктер өткен жылы Түркияда 3,3 миллиард евро ақша жұмсады.

1258724
Еуропалық түріктер Түркияда демалды

Түркияға демалуға келген еуропалық түріктер өткен жылы адам басына орташа 1175 еуро ақша жұмсады.

Түркия Еуропа білім және ғылыми зерттеулер фондының «Еуропалық түріктердің түрік туризміндегі маңызы» атты зерттеуіндегі деректерге қарағанда,  өткен жылы 2,8 миллион еуропалық түрік демалысын Түркияда өткізді.

Бұлардың 1,9 миллионы – Германияда өмір сүретін түріктер.

Демалыс үшін Түркияны таңдаған еуропалық түріктер өткен жылы Түркияда 3,3 миллиард евро ақша жұмсады.



Ұқсас жаңалықтар