Түркия-Пәкістан форумы Стамбулда болды

Хисарджыклыоғлу Түркия мен Пәкістан арасындағы өзара сауданың қанағаттандырмайтын деңгейде екенін айтты.

1245087
Түркия-Пәкістан форумы Стамбулда болды

Түркия Палаталар және биржалар одағының (TOBB)  төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу Түркия мен Пәкістан арасындағы өзара сауданың қанағаттандырмайтын деңгейде екенін айтты.

«Түркия-Пәкістан Сауда және өнеркәсіп палатасы форумының» таныстыру жиыны Стамбулда болды.  Жиынға TOBB төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу, Пәкістан Сауда және өнеркәсіп палаталары федерациясы төрағасы Дароо Хан Ашакзай, түрік және Пәкістан тарапы тең төрағалары және мүшелері қатысты.

Хисарджыклыоғлу: «Бауырлар арасындағы сандық көрсеткіштерге қарағанда,  адам қиналады.  Біз көптеген платформаларда біргеміз.  Түркия мен Пәкістан арасында сауда айналымы 700 миллион доллар шамасында.  Өзара сауда айналымы екі бауырлас елге жараспайды.  Инвестициялар да қанағаттандыратын деңгейде емес» деді.

Хисарджыклыоғлу Түркияның мердігерлік саласындағы табысын еске салып,  әсіресе Пәкістан-Қытай экономикалық дәлізі шеңберіндегі инфрақұрылым инвестицияларында түрік мердігерлерінің жауапкершілік алуы керектігін айтты.

Пәкістан Сауда және өнеркәсіп палаталары федерациясы төрағасы Дароо Хан Ашакзай да «Әрі шығанақта,  әрі Орталық Азияда көптеген мүмкіндік бар.  Бұларды ынтымақтастықпен жүргізуге болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар