Түркия сыртқы саудада әйелдерге көңіл бөледі

Пекжан әйелдердің экспорттағы рөлінің арттырылуына қатты көңіл бөлгендерін айтты.

1243869
Түркия сыртқы саудада әйелдерге көңіл бөледі

Түркия сыртқы саудада әйелдерге көңіл бөледі.

Түркия Сауда министрі Рухсар Пекжан әйелдердің экспорттағы рөлінің арттырылуына қатты көңіл бөлгендерін айтты.

Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасаған Пекжан Жапонияда ұйымдастырылған Үлкен-20 сауда және экономика министрлері жиналысы барысында Испания Сауда министрі Рейес Маротомен кездескенін мәлімдеді. Министр Пекжан кездесу барысында Испаниямен болған сауда қарым-қатынастарын жоғарғы деңгейге көтеру, сауда көлемін және инвестицияларды арттыру үшін пікір алмасқанын баяндады.

Испания үкіметінде 10 әйел министр, 7 еркек министрдің болғанына назар аударған Пекжан былай деді: «Әйел министрлер қаржы, сауда, өнеркәсіп, экономика сынды салаларға жауыпты. Испаниямен ынтымақтастығымызды жаңа белеске көтеріп, іскер әйелдеріміздің осы процесте белсенді орын алуын қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар