Ресейде INNOPROM 2019 жәрмеңкесі өтуде

INNOPROM 2019 Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі Ресейдің Екатеринбург қаласында басталды.

1232952
Ресейде INNOPROM 2019 жәрмеңкесі өтуде

INNOPROM 2019 Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі Ресейдің Екатеринбург қаласында басталды.

Жәрмеңкеде биыл партнер ел болған Түркияның Ұлттық жәрмеңке алаңы ашылды. Ғарыш өнеркәсібінен технологияға, авиациядан машинаға дейінгі көптеген сектор жәрмеңкеде орын алды.

Беташарда сөз сөйлеген Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк 2018 жылы жаңаланған тарихи экспорт рекордын тілге тиек етті. 168 миллиард доллардық экспорттың 90 пайызын өнеркәсіп өнімдерінің құрағанын айтты. Министр Варанк Ресеймен сауда көлемінің 15 пайыз артқанын да атап өтті.

Министр Варанк  беташарға қатысқан Ресей сауда және технология министрі Денис Мантуровпен бірге жәрмеңкені аралады, түрік тағамдарынан ауыз тиді.

INNOPROM 2019 Халықаралық өнеркәсіп жәрмеңкесі 20 мың текшеметр жабық алаңда 600 фирманың қатысуымен өтіп жатыр. Жәрмеңкеге Түркиядан 25 фирма, 7 даму агенттігі және 11 одақ қатысуда. 43 стандта түрік өнімдері көрсетілуде.

 

 

     

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар