Еуропа Одағы мен Вьетнам сауда келісіміне қол қойды

Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында сауда және инвестицияны қорғау келісімдеріне қол қойылды.

1227589
Еуропа Одағы мен Вьетнам сауда келісіміне қол қойды

Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында сауда және инвестицияны қорғау келісімдеріне қол қойылды.

Еуропа Одағы комиссиясы Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында Ханойда Еркін сауда келісімі мен Инвестицияны қорғау келісіміне қол қойылғанын жариялады.

Мәлімдемеде еркін сауда келісімі арқылы өнімдердің кеден салықтарының 99 пайызының өз саласына сай 10 жылға жейін жойылатыны білдірілді.

Еуропа Одағы мен 95 миллион жан саны бар Вьетнам арасында жылына 50 миллиард еуролық зат және 4 миллиард еуролық қызмет саудасы жасалады. 

Вьетнам Еуроодақ елдеріне коммуникация жабдықтарын, киім және азық-түлік өнімдерін сатады. Еуроодақтан машина, көлік, химия және егін шаруашылық  өнімдерін сатып алады. 

Еуропа Одағы мен Вьетнам арасында сауда және инвестицияны қорғау келісімдері 2012 басталып, 2015 жылы аяқталған болатын.

Еуропа Одағы комиссиясы заңды келісім мәтінін мақұлдау үшін Еуропа Парламенті мен мүше елдердің парламенттеріне жолдайды. 



Ұқсас жаңалықтар