Түркияның 2018 жылы қорғанысқа жұмсаған қаржысы артты

Қорғанысқа ең көп бюджет бөлген елдер Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Үндістан және Франция болды.

1192127
Түркияның 2018 жылы қорғанысқа жұмсаған қаржысы артты

Соңғы 10 жылда қорғанысқа бөлген бюджетті 65 пайыз арттырған Түркия 2018 жылы қорғаныс үшін көп қаржы жұмсаған 15 ел арасында арттыру мөлшері тұрғысынан алдыңғы орынды иеледі.

Стокгольм Бейбітшілік зерттеу институтының (SIPRI)  "Әлемде әскери шығындағы беталыс 2018" тақырыпты рапорты жарияланды.

Жаһандық әскери шығындар 2018 жылы 1.8 триллион долларға жетті. Қорғанысқа ең көп бюджет бөлген елдер Америка Құрама Штаттары, Қытай, Сауд Арабиясы, Үндістан және Франция болды. 

Институттың рапортына қарағанда, қорғаныс бюджеті оның алдындағы жылмен салыстырғанда 4.6 пайыз артқан АҚШ  өткен жылы 649 миллиард доллар жұмсаған.

Қытай АҚШ-тың артынан 250 миллиард долларлық қорғаныс бюджетімен екінші орынды иеледі.

Сауд Арабиясы, Франция және Ресей 2018 жылы қорғанысқа бөлген бюджеттерін азайтты. Сауд Арабиясы әскери шығынын 6.5 пайыз, Франция 1.4 пайыз және Ресей 3.5 пайыз азайтты.

Түркияның әскери шығыны оның алдындағы жылмен салыстырғанда 24 пайыз артып, 19 миллиард долларға жетті. 

Соңғы 10 жылда қорғанысқа бөлген бюджетті 65 пайыз арттырған Түркия 2018 жылы қорғаныс үшін көп қаржы жұмсаған 15 ел арасында арттыру мөлшері тұрғысынан алдыңғы орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар