Малайзия АҚШ-тың саяхат ескертуіне наразылық көрсетті

АҚШ үкіметі  9 сәуірде жариялаған саяхат ескертуі тізіміне қауіпті деп қаралған 35 елді тіркеген болатын.

1186166
Малайзия АҚШ-тың саяхат ескертуіне наразылық көрсетті

Малайзия Америка Құрама Штаттарының саяхат ескертуіне наразылық көрсетті.

Малайзия үкіметі АҚШ-тың азаматтарына бағытталған жаңа саяхат ескертуінде алып қашу қаупі бар елдер тізіміне Малайзияны қосуына орай, АҚШ-тың Куала Лумпурдағы өкілетті елшісі Камала Ширин Лахирді протест нотасын беру мақсатымен Сыртқы істер министрлігіне шақырды. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде:            

"Министрлік Бас хатшысы Зайнал Абидин өкілетті елшіні қабылдап, АҚШ-тың аталмыш шешіміне бағытталған Малайзия үкіметінің наразылығын қамтыған протест нотасын жеткізді" деп көрсетілді. 

Мәлімдемеде АҚШ-тың Сабах және Саравак уәлаяттарындағы адам алып қашу қимылдарына орай жасаған саяхат ескертулерінің шындыққа үйлеспейтіні және Сабах уәлаятының шығысында қауіпсіздік шараларының арттырылғаны дәріптелді. 

АҚШ үкіметі  9 сәуірде жариялаған саяхат ескертуі тізіміне қауіпті деп қаралған 35 елді тіркеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар