Әлемнің ең жас миллиардері атанды

21 жасар Кайли Дженнер «әлемдегі ең жас миллиардер» атағын алды.

1158024
Әлемнің ең жас миллиардері атанды

Американың «Kylie Cosmetics» атты компаниясының иесі 21 жасар Кайли Дженнер «әлемдегі ең жас миллиардер» атағын алды.

Американың Форбс журналы Кайли Дженнердің дәулетінің 1 миллиард долларға жеткенін, 21 жасар іскер әйелдің «әлемнің ең жас миллиардері» атағын алғанын білдірді.

Facebook әлеуметтік желісінің құрушысы Марк Цукербергтің атағын иеленген Дженнер сонымен бірге «өз байлығын өзі қалыптастырған ең жас миллиардер» атағын да алды.

 Дженнер: «Болашағымды жоспарламап едім.  Алайда осы атақты алу - жақсы сезім. Бұл – мақтау» деді.

Атақты Хлои және Ким Кардашяндардың өгей сіңлісі болып келетін Кайли Дженнер компаниясын 2015 жылы құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар