Афион локумы 50 елге экспорт етілуде
Афионкарахисардағы бір фирма 4 құрлықта 50 елге «Афион локумын» экспорт етуде.
Афион локумы 50 елге экспорт етілуде.
Африонкарахисарда дәстүрді әдістерді технологиямен бірлестірген бір фирма 4 құрлықта 50 елге «Афион локумын» экспорт етуде.
Афиондағы локум фирмасы Америка, Еуропа, Азия және Австралияда 50 елге 300 түрлі Афион локумын сатуда.
Фирманың экспортқа жауапты директоры Мерве Чакыжы «Афионкарахисардан 4 құрлықта 50 елге локум экспортын жасаудамыз. Ең көп экспорт жасаған аймақтар болса қазір Еуропа мен Шығанақ елдері» деді.
Фирманың 300 түрлі локум өндіруімен қатар зерттеу жұмыстарын да жалғастырғанын баяндаған Чакыжы «Афион локумын барша әлемге таныстырудамыз. Сонымен қатар Түркия атынан Германиядағы ең үлкен ‘ISM’ атты жәрмеңкеге қатысудамыз» деген сөздер қолданды.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"
Сауда министрі Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.
Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты
Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция көрсеткіштерін жариялады.