Шетелдіктерге тұрғын үй сатуда рекорд жаратылды

2018 жылы шетелдіктерге 40 мың тұрғын үй сатылды

1127018
Шетелдіктерге тұрғын үй сатуда рекорд жаратылды

Шетелдіктерге тұрғын үй сатуда 2018 жылы барлық уақыттардағы ең жоғары рекорд жаратылып, 40 мың тұрғын үй сату шекарасынан асты. 

Шетелдіктерге тұрғын үй сату 2018 жылы ай сайын тәртіпті түрде артып отырды. 

Тұрақты мүлік және банк кәсібі саласының жасаған компанияларын қамтыған дамулар мен валюта бағамындағы артудың да әсерімен шетелдіктерге тұрғын үй сату жұмысы тарихи өреге жетті.

Өткен жылғы шетелдіктерге сатылған тұрғын үй 2017 жылдың соңымен салыстырғанда 78.4 пайыз артып, 39 мың 663-ке жетті. 2017 жылы 22 мың 234 тұрғын үй сатылған болатын.

Шетелдіктерге өткен жылдың алғашқы ширегінде 5 мың 298 үй, үшінші ширегінде 12 мың 339 үй, ал төртінші ширекке келгенде 15 мың 508 тұрғын үй сатылды.  

Шетелдіктердің тұрғын үй сатып алуда таңдаған алғашқы қаласы 2018 жылы да өзгермей, Ыстамбұл болды.

Өткен жылы Ыстамбұлда шетелдіктерге 14 мың 270 тұрғын үй сатылды. Ыстамбұлдан кейінгі кезекті 7 мың 938 тұрғын үймен Анталия иеледі. 2 мың 720 тұрғын үй сатылған Бурса үшінші орынды алды. 2 мың 133 тұрғын үй сатылған Анкара төртінші болды. Одан кейінгі кезекті 2 мың 63 тұрғын үй сату өресімен Ялова иеледі.

Қарасты елдеріне қарай шетелдіктерге тұрғын үй сатуда Ирак азаматтары 2018 жылы да алдыңғы орынды ешкімге бермеді. Осы кезеңде Ирак азаматтарына сатылған 8 мың 205 тұрғын үй жалпы тұрғын үй саудасының 20.7 пайызын ұстады.

Өткен жылы ирактықтардан кейінгі кезекті 3 мың 652 тұрғын үймен ирандықтар алды. Одан кейінгі кезектерді қатарымен 2 мың 718 тұрғын үймен Сауд Арабиясы, 2 мың 297 тұрғын үймен орыстар, 2 мың 199 тұрғын үймен кувейттіктер, 2 мың 84 тұрғын үймен ауғандар иеледі.

 



Ұқсас жаңалықтар