Түрік инвесторларды шақырды

Пәкістан президенті түрік елшісін қабылдады.

1099875
Түрік инвесторларды шақырды

Пәкістан президенті Ариф Алви инвестицияға дайын ел екендерін айтып,  әлемнің барлық жерінен, әсіресе Түркиядан инвесторлардың осы мүмкіндікті пайдалануы керектігін білдірді.

Президенттік аппараттың хабарламасына қарағанда,  Алви қазан айындағы Түркия сапарына байланысты тақырыптарды талқылау мақсатымен Түркияның Пәкістандағы өкілетті және төтенше елшісі Ихсан Мұстафа Юрдакулды қабылдады.

Президент қабылдауда: «Тап қазір түрік инвесторлар энергетика және инфрақұрылым секторында Пәкістанға үлкен инвестиция салды» деді.

Түркия мен Пәкістан қарым-қатынастарының бауырластықпен бірге ортақ мүддеге сүйенетініне назар аударған Алви екі елдің қорғаныс өнеркәсібі саласындағы келісімдерінің Пәкістан үшін өте маңызды екенін атап көрсетті.

Елші Юрдакул да екі ел байланыстарының нығая түсетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар