Сауд Арабиясы Ресейге инвестиция салады

Дмитриев Ресей-Сауд Арабиясы ортақ қоры арқылы Ресейге 2 миллиард долларлық жәрдем жасалатынын айтты.

1099168
Сауд Арабиясы Ресейге инвестиция салады

Ресей инвестиция қоры төрағасы Кирилл Дмитриев Ресей-Сауд Арабиясы ортақ қоры арқылы 2019 жылы Ресейге 2 миллиард долларлық қосымша жәрдемнің жасалуының жоспарланғанын жариялады.  

Кирилл Дмитриев     Аргентинада ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында журналисттерге жасаған мәлімдемесінде Сауд Арабиясының Ресейге жәрдемдерін арттыратынын білдірді.

Ресей президенті Владимир Путин мен Сауд Арабиясы тақ мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Селманның Үлкен жиырмалық елдері лидерлер саммиті аясында бас қосқанын еске салған Дмитриев «Осы кездесуде Сауд Арабиясының Ресейдегі инвестицияларының маңызды бір деңгейге жеткені анықталды» деді.

Келесі жылға байланысты Ресей экономикасына қосымша жәрдемдерінің жасалуының жоспарланғанын еске салған Дмитриев «Ресей-Сауд Арабиясы ортақ қоры арқылы Ресейдегі инфрақұрылымы жобаларына 2019 жылы Ресейге 2 миллиард долларлық қосымша жәрдемнің жасалуы жоспарлануда» деді.  



Ұқсас жаңалықтар