Рухани Лагардпен кездесті

Кездесуде Иран мен IMF қатынастары қолға алынды.

1056312
Рухани Лагардпен кездесті

Иран президенті Хасан Рухани Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында Халықаралық Валюта фонды төрайымы Кристин Лагардпен бас қосты.

Иран президенттік аппаратының интернет парақшасындағы хабарламаға қарағанда, БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу мақсатымен Нью-Йоркта жүрген Рухани елінің әлемдік ақша фондтары және IMF-пен қатынастарды қалпына келтіруге мүдделі екенін,  Ирандағы экономикалық бағдарламалардың жетілдірілуінде IMF-пен ақылдасқысы келетіндерін білдірді.

Иран президенті айырықша халықаралық фондтың ықпалын көрсетуі тұрғысынан бір мүше елдің экономикалық тұрақтылығында рол ойнай алатынын көрсетуі керектігін атап айтты.

IMF төрайымы Лагард болса міндеттерінің әлемдегі қаржы тұрақтылығын қорғау және экономикалық өсімді арттыру екенін айтып, Иранмен арадағы ынтымақтастықта да осы міндеттерін атқаратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар