Мугла уәлаяты қонаққа толды

Бодрум, Мармарис, Фетхие, Датча және Ортажа аудандары туристке толды.

1038566
Мугла уәлаяты қонаққа толды

Құрбан айтта Түркияның Мугла уәлаятындағы Бодрум, Мармарис, Фетхие, Датча және Ортажа аудандары туристке толды.

Шетелдік қонақтармен бірге отандық труисттер де 9 күндік айт мерекесінде осы демалыс орындарын таңдады.  Өңірге әуе,  теңіз және құрлық жолдарымен шамамен 5 миллион турист келді.

Мугла және туристік аудандарында Құрбай айт мерекесінде барлық туристік базалар лық толды. Айтта әсіресе отандық туристтер саны артты.

Ақ түске боялған үйлері,   көк түсті терезелі дүкендері, шағын қонақүйлерімен отандық және шетелдік қонақтардың таңдаулы жеріне айналған Бодрумда концерттер және мәдени шаралар да кем болмады.



Ұқсас жаңалықтар