Цифрлық экономикаға жауапты министрлер жиналысы басталды

Түркия атынан Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк қатысуда.

1037033
Цифрлық экономикаға жауапты министрлер жиналысы басталды

G20 Цифрлық экономикаға жауапты министрлер жиналысы Аргентинаның Сальта қаласында басталды.

Әлемнің ең ірі 20 экономикасының цирфлық экономикасына жауапты министрлерге бас қостырған жиналысқа Түркия атынан Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк қатысуда.

Министрлер үшін ұйымдастырылған кешкі қонағасыда жиналыс ресми түрде ашылды.

Екінші күні болса министрлер 5 минут баяндама оқиды, барлығы бірігіп суретке түседі,  артынан Министрлер декларациясы қабылданады.

Жиналыстың негізгі тақырыбы -  «Экономикалық даму үшін цифрлану»

Э-мемлекет,  цифрлық экономиканың өлшенуі,  жаңа дамыған технологиялар тақырыбында елдер өздерінің әдістерімен бөліседі.

ТР Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк жиналыста Түркияның аталмыш салалардағы жаңа жобаларын түсіндіреді.

Министр айырықша басқа елдердің министрлерімен кездесу өткізеді.



Ұқсас жаңалықтар