Түркия мен Катар арасында 15 миллиард долларлық инвестиция пакеті

Катардың Түркияға бағытталған 15 миллиард долларлық инвестиция пакетін іске асыру шешімінің алғашқы қадамы басылды.

1035294
Түркия мен Катар арасында 15 миллиард долларлық инвестиция пакеті

Түркия Республикасы орталық банкі мен Катар орталық банкі арасында Дохада ұйымдастырылған рәсімде екі жақты валюта алмастыру (Swap) келісіміне қол қойылды.

Келісімге Түркия Республикасы орталық банкі төрағасы Мурат Четинкая мен Катар орталық банк төрағасы Абдуллах ибн Сауд әл-Тани қол қойды. Катар орталық банкінің бас ғимаратында жүзеге асқан қол қою рәсіміне екі елден жоғары лауазымдылар қатысты.

Аталмыш келісіммен екі ел арасында ұлттық валюта арқылы жүзеге асатын сауданың жеңілдетілуіне қоса қаржы тұрақтылығына қолдау беру нысанаға алынады.

Келісім ел резервтерінің күшеюіне де үлес қосады.

Келісім аясында алғашқы сатыда қолданылатын қаржының 3 миллиард долларға тең болуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар