Доллар қолданбауға нұсқау берді

Әділет және даму партиясы муниципалитеттерді түрік өнімдерін қолдануға шақырды.

1034281
Доллар қолданбауға нұсқау берді

Әділет және даму партиясының Жергілікті әкімшіліктерге жауапты төрағасының орынбасары Ерол Кая президент Режеп Тайып Ердоғанның «Бойкот» шақыруынан кейін партиясының муниципалитеттеріне доллар қолданбауға нұсқау берді.

Кая 81 қалаға нұсқау бергендерін білдірді.

Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы соңғы жағдайдың ұятты екенін білдірген Кая «Түркия тұрғысынан қарағанымызда, біз абыройлы ұстаным үшін күресудеміз.  АҚШ өзіне зиян келтіреді» деді.

Кая «Әділет және даму партиясының 883 муниципалитетіне «Валютамен атқарылатын істерді түрік лирасымен атқарыңдар» деген нұсқау бергендерін атап көрсетті.

Кая муниципалитеттердің әлеуметтік базаларында,  халыққа ашық демалыс орындарында қолданылған барлық сусын және басқа да өнімдер үшін түрік тауарларын қолдануға,  АҚШ өнімдерін қолданбауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар