Малайзияның сыртқы қарызы үшін 36 миллион доллар жиналды

Малайзия халқы 'Үміт фондына' 36 миллион доллар бағыштады.

Малайзияның сыртқы қарызы үшін 36 миллион доллар жиналды

Малайзия халқы елдің сыртқы қарызын төлеуге үлес қосатын үкіметтің «Үміт фондына» 36 миллион доллар ақша бағыштады.

Қаржы министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Үміт фонды арқылы халықтан жиналған ақшалай жәрдемнің 36 миллион АҚШ долларына ұласқаны атап көрсетілді.

Малайзия халқы 30 мамыр күні ашылған қор үшін тек қана алғашқы күні 1,76 миллион доллар бағыш жинаған болатын.

Малайзияның бұрынғы премьер-министрі Неджип Резак кезеңінен қалған 252 миллиард доллар қарыз бар.

Елде үнемдеу шаралары аясында министрлердің айлықтары 10 пайыз қысқартылған еді.



Ұқсас жаңалықтар