Түркияның Еуродақпен байланысы қалпына түсе бастады

Шимшек Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастарының қалыпқа түсе бастағанын білдірді.

979333
Түркияның Еуродақпен байланысы қалпына түсе бастады

Премьер-министр орынбасары Мехмет Шимшек Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастарының қалыпқа түсе бастағанын білдірді.

Шимшек Экономист журналының биыл 27 жылдығы үшін ұйымдастырылған «Экономикада жылдың іскерлері 2018» жүлде рәсімінде жасаған баяндамасында Түркия экономикасын түсіндірді.

Валюта курс бағамының жасанды түрде қозғалуының алаң туғызғанын баяндаған Шимшек «Әслінде Түркияның өте күшті жақтары бар. Алайда стаканның жартысы толғаны үшін бос қалған бөліміне шоғырлануда» деді.

Шимшек Түркия Республикасы Орталық Банк ақша саясаты кеңесі тарапынан жасалған шешімнің маңызды екенін түсіндірді.

Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынастарының жандана бастағанын білдірген Шимшек «Жалпы алғанда Кеден Одағының қайтадан күн тәртіпке келуіне байланысты талпыныстарынан нәтиже шығатынына сенемін. Өйткені екі жақтың да мүддесі үшін пайдалы» деді.



Ұқсас жаңалықтар