Йылдырым Standard & Poor’s-ты сынға алды

Премьер-министр «Standard & Poor’s»-тың Түркияға берген несие бағасының ешбір маңызы жоқ екенін атап көрсетті.

963325
Йылдырым Standard & Poor’s-ты сынға алды

Премьер-министр Бинали Йылдырым халықаралық несие бағалау мекемесі «Standard & Poor’s»-тың Түркияға берген бағаның ешбір маңызы жоқ екенін атап көрсетті.

Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Йылдырым партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі (ТҰҰМ) тобына үн қатты.

Баяндамасында Түркияның жетілуін қаламаған орталардың кейбір сценарийлер арқылы жұмыстанғанын атап көрсеткен Йылдырым «Террормен қол жеткізе алмағандарын экономикалық террормен қол жеткізгісі келгендер табысқа жете алмайды. Бір бағалау мекемесі бағдарламасында болмаған, күн тәртібінде жоқ кезде түңгі уақытта жиналып, Түркияның несие бағасын төмен қарай шегереді. Шындығына қарасаңыз негізсіз нәрселер екенін, Түркияның шындықтарымен сәйкес келмегенін байқайсыз. Толығымен саяси бір әрекет» деді.

«Standard & Poor’s»-тың бағалауының сайлау қорытындысына ықпал етуге бағытталған бір сценарий екенін айтқан Йылдырым осы бағамның еш бір маңызы жоқ екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар