Нарықтар сайлау процесін болымды қарсы алды

Вице-премьер Мехмет Шимшек нарықтардың 24 маусымдағы президенттік және жалпыхалықтық сайлауды болымды қабылдағанын білдірді.

961349
Нарықтар сайлау процесін болымды қарсы алды

Шимшек жекеменшік бір телеарнаға мәлімдеме жасады.

Нарықтардың ерте сайлауға ықпалының әрі дұрыс, әрі болымды екенін атап көрсеткен Шимшек «Сайлау шешімімен белгісіздік азаяды. Инвесторлардың миын қатыратын сұрақ белгілері жойылды. Сайлау өз мерзімінде өткенде одан ұзақ мерзімді белгісіздіктер болар еді. Сайлаудың дәл артынан үкімет құрылады. Кім сайланса да, елді 5 жыл басқарады. Нарықтар сол үшін болымды көзқарас білдіруде» деді.

Түркия қол жеткізген экономикалық өсуді бағалаған Шимшек «Өткен жылы Түркия болымсыз экономикалық шарттарға қарамастан 1 миллион адамды жұмыспен қамдады. Үлкен жиырма тобы елдері арасында ең жылдам өскен ел болды» деді.

Экономикалық көрсеткіштердің жақсы екенін атап көрсеткен Шимшек «Өндіріс және экспорт артты. Нақты экономикада мықты бір өсу процесі бар. Жылдың алғашқы ширегінде нақты өсу көрсеткіштері ортада» деді.

Шимшек шетел валютасындағы шайқалудың экономикаға ықпалы жайлы «Мемлекеттің валюта кемшілігі жоқ. Сыртқы елдерден жинайтын валютасы бар. Инвестордың валютамен қарыздануы жайлы шараларымызды қабылдадық» деді.



Ұқсас жаңалықтар