Түркия мен Украина арасында рейс саны артады

Стамбул мен Одесса арасындағы ұшу фреканстары екі есе көбейді.

944360
Түркия мен Украина арасында рейс саны артады

Түркия мен Украина арасында рейстердің арттырылуы мақсатымен қол қойылған жаңа келісімде Стамбул мен Одесса арасындағы ұшу фреканстары екі есе көбейді.

Азаматтық авиация бас дирекциясының хабарламасына қарағанда, дирекция және Украина Азаматтық авиация делегациясы Анкарада бас қосты.

Азаматтық авиация бас директорының орынбасары Хайдар Ялчын мен Украина Азаматтық авиация басшысының орынбасары Сергей Корчук басшылығында өткен келіссөзде әуежолы тасымалдаушыларының проблемалары қаралды.

Нәтижеде Стамбул мен Одесса арасындағы фреканс санының екі есе арттырылуына шешім берілді.

Екі қала арасындағы апталық рейстер 14-тен 28-ге арттырылып,  екі ел арасында жаңа ұшу бағыттары жөнінде де келісім жасалды. Осы аяда түрік тарапынан Измир, Бодрум, Бурса және Даламаннан көтерілетін ұшақтар   Украина тарапына өзара рейс игеретін болады.

Измир мен Киев арасында аптасына 21 фреканс белгіленді.  



Ұқсас жаңалықтар