Еуропа Кеңесі Түркияға 3 миллиард евролық босқын жәрдемін бекітті

ЕО Ішкі істері мен миграцияға жауапты мүшесі Димитрис Аврамопулос мәлімдеме жасады.

929690
Еуропа Кеңесі Түркияға 3 миллиард евролық босқын жәрдемін бекітті

Еуропа Кеңесі «Заңсыз мигранттар келісімі» аясында Түркияға 3 миллиард евролық жәрдемді бекітті.

Комиссияның Ішкі істері мен миграцияға жауапты мүшесі Димитрис Аврамопулос Еуроодақтың 2016 жылы 18 наурыз күні қол қойылған келісім аясында 3 миллиард евролық 2-ші қаржы жәрдемі пакеті жайлы шешім қабылдағандарын жариялады.

Пакеттің 1 миллиард евросы Еурокомиссия бюджетінен, 2 миллиард евросы болса мүше елдердің өз бюджеттерінен қамтамасыз етіледі.

Түркия мен Еуроодақ арасындағы босқын келісіміне қарағанда Түркиядан грек аралдарына барған заңсыз мигрант Түркияға қайтарылады.

Бұл кері қайтару жұмыстары әрі соғыстан қашқандар, әрі экономикалық себептермен қоныс аударғандарды қамтиды.

Еуроодақ осыған үлес ретінде босқындар үшін қолданылатын қорлардың қамтамасыз етілуіне қоса, түрік азаматтарының Еуроодаққа визасыз саяхат жоспары мен мүшелік келіссөздерін жылдамдатуға уәде берген болатын.

Адам құқықтары ұйымы болса халықаралық заңдарға қарағанда соғыс аймақтарынан қашқандарға босқын ережесі беру керектігін атап, келісімге қарсы шыққан болатын.

Түркия сириялық шамамен 3 миллион босқынға қонақжайлық жасайды.



Ұқсас жаңалықтар