Түркия Катардағы жәрмеңкеге 33 фирмамен қатысуда

DIMDEX 2018 Катардың астанасы Дохадағы Катар ұлттық конгресс орталығында басталды.

927994
Түркия Катардағы жәрмеңкеге 33 фирмамен қатысуда

Түрік қорғаныс өнеркәсібі Катарда жәрмеңкеге қатысуда.

Доха халықаралық теңіз қорғаныс жәрмеңкесі және конференциясы (DIMDEX 2018), Катардың астанасы Дохадағы Катар ұлттық конгресс орталығында басталды.

Жәрмеңкенің ашылу рәсіміне Ұлттық қорғаныс министрі Нуреиттин Жаникли, Бас Штаб басқармасы төрағасы Хулиси Акар және Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы төрағасы Исмаил Демир де қатысты.

Катар Әмірі Тамин бин Хамад Эл-Санидің қамқорлығында және Катар Қарулы Күштерінің үй иелігінде ұйымдастырылған DIMDEX 2018-де 180-нен астам фирманың өнімдері көрсетілсе, 90 елден қатысушы күтілуде.

Теңіз қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған бір іс-шара ретінде басталған DIMDEX бірнеше жыл өткеннен кейін көлемі кеңейтіліп, авиация, электр жүйелері және құрлық жүйелері де көрсетілетін бір жәрмеңкеге айналды.

Түркия жәрмеңкеге 33 фирмамен қатысуда. Аталмыш фирмалардың орын алаңдарының үлкендігі 2 мың 413 шаршы метр.

Түркия Шығанақ аймағындағы елдермен қорғаныс өнеркәсібінде ынтымақтастық жасауға қатты көңіл бөлуде. Аталмыш елдермен ынтымақтастықтың әр салада тіпті де кеңейтілуін көздеуде.

 



Ұқсас жаңалықтар