Түркияның ақпан айындағы экспорты өсті

Автомобиль секторы қаңтар айында 2,8 миллиард долларлық экспорт жасады.

923213
Түркияның ақпан айындағы экспорты өсті

Автомобиль секторы қаңтар айында 2,8 миллиард долларлық экспорт жасады.

Түркия экспортшылар мәжілісінен жасалған мәлімдемеге қарағанда соңғы кездерде үлкен табыстар жүзеге асырып, түрік экспортын жаңа белеске көтерген автомобиль секторы қаңтар айында жүзеге асырған 2,8 миллиард долларлық экспорт арқылы барлық уақыттың ең жоғарғы айлық экспорт санақтарына ұласты.

Түркия экспортшылар мәжілісінің көрсеткіштері бойынша 6 сектор барлық уақыттың ең жоғарғы ақпан айы экспортына қол таңбасын басты.

Машина секторы 548 миллион доллар, үй жиһазы, қағаз және орман өнімдері 398 миллион доллар, қорғаныс және авиация өнеркәсібі 150 миллион доллар, тері және тері өнімдері 145 миллион доллар, жеміс-жидек және көкөніс өнімдері 118 миллион доллар, зәйтүн және зәйтүн майы секторы да 58 миллион долларлық экспорт жасады.



Ұқсас жаңалықтар