Ливияның ең үлкен мұнай алаңында өндіріс тоқтады

Ливияның ең үлкен мұнай өңдеу орны болған Әл-Шарарада өндіріс тоқтатылды

923548
Ливияның ең үлкен мұнай алаңында өндіріс тоқтады

«Bloomberg» агенттігінің лауазымды ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда, Ливияның ең үлкен мұнай өңдеу орны болған Әл-Шарарада өндіріс тоқтатылды.

Агенттік хабарында өндірістің жексенбі күні құбыр желісінің мұнай алаңынан Әл-Завия қаласындағы станцияға өткен бөлімінің жабылуының артынан тоқтатылғаны аталып, оқиғаның себептері мен бұл жағдайдың қашанға дейін жалғасатыны жайлы мағлұмат берілмеді.

1 наурыз күнінен бастап, Ливияда жалпы күндік мұнай өндірісі 1.1 миллион баррельді құраса, 300 мың баррелі Әл-Шарарада өндірілген мұнай арқылы қамтамасыз етілетін. Әртүрлі қарулы топтар бар Ливияда тараптар ұзақ уақыттан бері Әл-Шарараны бақылауға алу үшін күресуде.



Ұқсас жаңалықтар