Биржа Стамбулда рекорд

BIST 100 индексі рекорд жаңартуда.

896216
Биржа Стамбулда рекорд

Бүгінгі күні артып отырған геосаяси рисктерге қарамастан Биржа Стамбулда BIST 100 индексі рекорд жаңартуда.

Жаңа жылды 115.333 деңгейінен бастаған BIST 100 индексі кеше 118.955 ұпаймен ең жоғары деңгейге көтерілді.

Сарапшылар әлем нарықтарындағы жағымды атмосфера және Зәйтүн бұтағы операциясына байланысты уайым азайғандықтан түрік лирасына қызығушылық артқанын айтып отыр.

Сарапшылардың айтуы бойынша,  индекс алдағы күндері жаңа рекордтарға жетуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар