Отандық көлікке Катар инвестиция салады

Шейх Халифа бин Жасим әл Сани Түркияның отандық көлігіне инвестиция салатындарын білдірді.

892319
Отандық көлікке Катар инвестиция салады

Катар Сауда палатасының төрағасы Шейх Халифа бин Жасим әл Сани BMC арқылы Түркияның отандық көлігіне инвестиция салатындарын білдірді.

Катардың «Peninsula Qatar» газетіне мәлімдеме жасаған Жасим әл Сани «Катар бір түрік компаниясы арқылы Түркияның автомобиль өнеркәсібіне инвестиция салады.  Осы жобаны жүзеге асыру үшін түрік инвесторлармен бірге жұмыстанамыз» деді.

Газеттің хабарында көзқарасына орын берілген Түркияның Катардағы өкілетті және төтенше елшілігі Сауда кеңесшісі Бурак Гүречши де Түркияда шетелдік компаниялардың өндіріс базалары бар екенін,  алайда Түркияның елде сатылған автомобильдердің 70 пайызына жуығын сатып алып отырғанын еске салды.  

Отандық автомобиль үшін қараша айында қалыптастырылған консорциумда BMC де орын алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар