Қытай табысты шетелдіктерге 10 жылдық виза береді

Пекин әкімшілігі «табысты» шетелдіктердің елдегі дамуға үлес қосуы мақсатымен 5 және 10 жылдық виза жүйесін бастатты.

882272
Қытай табысты шетелдіктерге 10 жылдық виза береді

Қытай үкіметі шетелдік ғалымдар, кәсіпкер және технология фирмасы басшыларына ұзын мерзімді виза беретін болды.

Қытай газетінің хабарына қарағанда Пекин әкімшілігі «табысты» шетелдіктердің елдегі дамуға үлес қосуы мақсатымен 5 және 10 жылдық виза жүйесін бастатты.

Технология фирмасы иелері, кәсіпкерлер және ғалымдарды елге тартуды мақсат еткен ұзын мерзімді виза үшін интернеттен тегін өтініш беруге болады. Өтініш бергендер виза алған жағдайда Қытайда бір жолы 180 күн бола алады,  сонымен бірге отбасы мен балаларын да әкелуіне рұқсат беріледі.

Елде 2016 жылы шетелдіктер үшін жаңа жүйе қосылған еді.  Осы жүйе арқылы Нобель лауреаттары,  табысты спортшылар,  университет оқытушылары,  қаржы мамандары «табысты» тобына қабылданып,  елге тарту мақсат етілді.



Ұқсас жаңалықтар