Бакуде Әзірбайжан-Ресей Бизнес Кеңесі Жиналысы өтті

Ресей мен Әзірбайжан сауда қарым-қатынастарын дамытады.

875613
Бакуде Әзірбайжан-Ресей Бизнес Кеңесі Жиналысы өтті

Ресей мен Әзірбайжан сауда қарым-қатынастарын дамытады.

Әзірбайжанның астанасы Бакуде ұйымдастырылған Әзірбайжан-Ресей Бизнес Кеңесі Жиналысына Әзірбайжан Экономика министрі Шахин Мұстафаев, Ресей Экономика даму министрі Максим Орешкин және көптеген іскер қатысты.

Жиналыс аясында 4 Әзірбайжан фирмасы Ресейдің фирмаларымен ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.

Әзірбайжан Экономика министрі Шахин Мұстафаев жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде Әзірбайжан мен Ресейдің стратегиялық ортақ екенін, сауда қарым-қатынастарының жыл сайын артқанын айтты.

Ресей Экономика даму министрі Максим Орешкин де жаһандық экономикалық дағдарыстан кейін Ресей мен Әзірбайжан арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың дамығанын білдіріп, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың  қарқынды дамуына кедергі жасайтын факторлардың жойылуы үшін атсалысқандарын атап өтті.

 



Ұқсас жаңалықтар