Йылдырым Фотовольтаикалық күн моделі зауытының іргетасын қалады

Премьер-министр жаңартыла алатын энергия саласында технология өндіріп, экспорттауды нысанаға алғандарын мәлімдеді.

873136
Йылдырым Фотовольтаикалық күн моделі зауытының іргетасын қалады

Премьер-министр Бинали Йылдырым жаңартыла алатын энергияда технология экспорттауды нысанаға алғандарын мәлімдеді.

Йылдырым Башкент өнеркәсіп аймағында «YEKA» Фотовольтаикалық күн моделі зауыты мен Зерттеу-дамыту орталығының ірге тасынқалау рәсіміне қатысты.

Премьер-министр «Нысанамыз - Түркияның жаңартыла алатын энергия тақырыбында технология өндіруші, тіпті экспорттаушы бір елге айналдыру» деді.

Бір елдің жетілуінің, өсуінің және өркендеуінің қанша энергия өндіргені, қанша энергия тұтынғанымен байланысты екенін атап көрсеткен Бинали Йылдырым «Елімізде құрылған энергия күшінің 45 пайызы жаңартыла алатын энергия резервтеріне айналдыра аламыз. Қазір 32 пайызын өндіреміз. Қысқа және орта мерзімде бұл мөлшерді 45 пайызға дейін жеткізе аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар