Сауд Арабиясы 2018 бюджетін жариялады

Сауд Арабиясы бюджетінің үштен бір бөлігі әскери шығындарға бөлінеді.

872276
Сауд Арабиясы 2018 бюджетін жариялады

Сауд Арабиясы Қаржы министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда 2018 жылы бюджетінің 21,5 пайызы, яғни 210 миллиард риял (56 миллиард доллар) әскери шығындарға бөлінсе, 10,3 пайызына сәйкес келетін 101 миллиард риялы (27 миллиард доллар) қауіпсіздік шығындарына бөлінді.

Бюджеттің 19,7 пайызын құраған 192 миллиард риял (52 миллиард доллар) оқуға, 15 пайызына сәйкес келген 147 миллиард риялы (39 миллиард доллар) да денсаулық сақтау шығындарына бөлінді.

Әлемнің ең үлкен мұнай экспортшысы ретінде Сауд Арабиясы 2018 жылы үшін 978 миллиард риялдық (260.8 миллиард доллар) шығынмен кеңейтілген бір бюджет жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар