Түркияға табиғи газ тасымалдауы 18.8 пайыз артты

Орыс табиғи газ алпауыты ГазПром шетелге табиғи газ экспорты көрсеткіштерін жариялады.

870030
Түркияға табиғи газ тасымалдауы 18.8 пайыз артты

Орыс табиғи газ алпауыты ГазПром 1 қаңтар-15 желтоқсан аралығында Түркияға табиғи газ тасымалдауының алдынғы жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 18.8 пайыз артып, 27.6 миллиард текше метрге жүзеге асқанын атап көрсетті.

ГазПромнан жасалған мәлімдемеге қарағанда «ГазПром 2017 жылдың алғашқы 11,5 айында фирманың шетелдегі ең үлкен екінші нарығы болған Түркияға 27.6 миллиард текшеметр  экспорт жасады. Бұл өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 18.8 пайыз (4.4 миллиард текшеметр) көп» делінді.

Сондай-ақ Грекияға табиғи газ тасымалдауының 10.1, Болгарияға 5.7, Венгрияға 22, Сербияға болса 23.5 пайыз артқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар