Кувейт Қорғаныс және авиация жәрмеңкесі басталды

Кувейт Қорғаныс және авиация жәрмеңкесі Кувейтте басталды.

866927
Кувейт Қорғаныс және авиация жәрмеңкесі басталды

Кувейт Қорғаныс және авиация жәрмеңкесі Кувейтте басталды.

Кувейт Қорғаныс және авиация жәрмеңкесі 20 елдің фирмаларының қатысуымен Кувейтте басталды.

Көптеген түрік фирмалары орын алға жәрмеңкеде қорғаныс, қауіпсіздік және авиация салаларында өндірілген заманауи көліктері, бұйымдары және жүйелері көрсетілді.

Жәрмеңкеге қатысқан түрік фирмаларынан Нұрол  Машина, Эждер ТОМА өз бұйымдарын көрсетті. Сондай-ақ жәрмеңкеде 4x4 қарулы соғыс көлігі Эждер Ялчын да  талғамға ұсынылды.

Қорғаныс өнеркәсібінің соңғы кезеңде өндірген құрлық және теңіз платформалары, қару және бейне көрініс жүйелері, компьютерге негізделген технологиялары жәрмеңкеде көрсетілді.

Жәрмеңке аясында түрік қорғаныс өнеркәсібі фирмалары мен Кувейт фирмалары арасында ынтымақтастық әлеуетінің жаңа жобалармен дамытылуы көзделуде.

Жәрмеңке 14 желтоқсан күніне дейін ашық болады. 



Ұқсас жаңалықтар