Иран іскерлерімен ынтымақтастық

Ван-Иран текстиль және дайын киім іскерлері жиналысы өткізілді.

853729
Иран іскерлерімен ынтымақтастық

Түркияның Ван қаласында Шығыс Анадолы даму агенттігі DAKA тарапынан Түркия мен Иран арасындағы текстиль ынтымақтастығын жетілдіру мақсатымен «Ван-Иран текстиль және дайын киім іскерлері жиналысы» өткізілді.

Жиналыста ирандық және түрік инвесторлары бас қосып,  көзқарас алмасты.

DAKA бас хатшысы Халил Ибрахим Гүрай жиналыста сөйлеген сөзінде агенттіктің Ван, Битлис, Муш және Хаккари қалаларында таныстыру жүргізгенін және сырттан келген инвесторларға қаржылай көмек беретінін айтты.

«Ван қаласына келетін болсақ,  біздің Иранмен 300 километрлік шекарамыз бар. Бірақ біз екі ел халқы өте жақынбыз. Осы қатынастар саудада да мүмкіндік болып табылады.  Сондықтан Иранмен үстелге отырдық» деді ол.

Иран-Түркия Бизнес кеңесі тең төрағасы және Тебриз сауда палатасы өкілдер кеңесі мүшесі Рыза Ками болса екі ел арасында бауырластық пен бейбітшілік бар екенін еске салды.

Бүгін Ван, ертең Битлис және Муш қалаларында кездесу өткізетін делегация 25 қараша күні елден аттанып кетеді.



Ұқсас жаңалықтар